Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері және «АМО» ММ қызметкерлері Ақтау қаласының IT-мектеп лицейінде «Өрт дегеніміз не? Алғашқы өрт сөндіру құралдарымен таныстыру. Көкшетау техникалық институтына оқуға шақыруға балаларды баулу» және «Қалың қар басып қалу кезіндегі іс-әрекет. Трассада жарақаттанғандарға көрсетілетін алғашқы көмек» тақырыптарында интерактивті сабақ өткізді. «Он-лайн» режімінде өткізілген сабаққа 36 мектептен 720 оқушы қамтылды. Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Маңғыстау облысы ТЖД Зілзалалардың қауіп-қатерін азайту және азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасының аға инженері К. Ещанов «Өрт қауіпсіздігі ережелері» тақырыбындағы баяндамасында өрт кезінде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бар күш-жігерді салудың маңыздылығы туралы айтып, өткен жылғы өрт оқиғалары бойынша аналитикалық деректер мәліметін жеткізіп, алғашқы өрт қауіпсіздігі туралы айтты.
Өрт жағдайлары болмау үшін адам өзін қалай ұстау керектігін немесе жану кезінде не істеу, не істемеу керектігін білуі тиіс екендігін түсіндірді. Өрт шыққан кезде қалай сасқалақтап қалмау керектігін, балаларға үйрету біздің міндетіміз. Көбіне балалар өрт шыққан жағдайларда үрейленіп, тығылып қалады.
Байсалды болсаң және ақылмен әрекет етсең қауіптен құтылу оңай. Үрей мен сасқалақтау – бұл үнемі ақылды шешім табу мүмкіндігін жоғалту екендігін айтып кетті.
Сабақ барысында балалардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау және алғашқы медициналық көмек көрсетуді әрдайым есте сақтауы қажеттігі айтылды.
Сабақтың қорытынды бөлімінде балалардың алған білімдері сауалнама арқылы бекітілді.