• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
Қазақстан 22 Қаңтар, 2020

Бүркітшілер арасында «Жайық қыраны – 2020» турнирі өтеді

107 рет
көрсетілді

24-26 қаңтар аралығында Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданы, Сарыөмір ауылында бүркітшілер арасында «Жайық қыраны – 2020» республикалық турнирі өтеді.  Байқауға еліміздің әр өңірінің бүркітшілері жиналады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Қансонар – қазақ халқы үшін бұрыннан келе жатқан аңшылық дәстүр.

Республикалық турнирдің мақсаты – ұлттық спорт түрін насихаттау, ішкі туризмді дамыту, аңшылық салт-дәстүрлерімізді жаңғырту.

Бұл турнир 2018 жылдан бері «Ғылыми зерттеулерге көмектесу қоры» жеке қорының ұйымдастыруымен өткізіліп келеді. Өткен жылы бүркітшілер өнерін тамашалау үшін еліміздің түкпір-түкпірінен және Ресейдің Самара, Тольятти, Ульяновск, Пермь өңірлерінен туристер келген болатын. 

Ең үздік бүркітшіні анықтайтын жарыстың жалпы жүлде қоры 1.5 млн теңге» делінген хабарламада.