Қостанай облысының Таран аудандық соты Набережный ауылдық округінің әкімінің үстінен Қылмыстық кодекстің 311-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қарады. Бұл туралы «Наша газета» хабарлады.
Облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан парақшада аталмыш әкімнің үстіміздегі жылғы 19 шілде күні қарбыз сатушы азаматтан 40 мың теңге көлемінде пара алғаны айтылған. Жергілікті билік басшысына саудагер «жерді иеленгені» үшін берген. Сол күні кешке оны қаржы полицейлері Рудный қаласында қолға түсірген.
Осы іске байланысты алдын ала тыңдау 5 тамызға белгіленіп отыр.
Құрыш Нұрымбет.