Өскемен қаласында тұратын жас жұбайлар өз үйлерінде қазір екі питон мен бір үй қоянын ұстап отыр. Бұл туралы Altaynews.kz тілшісі хабарлады.
Ақпарат агенттігінің жазуынша, Алексей мен Юлия осылай етпек бұрын білетін кісілермен көп ақылдасыпты. Сосын екі жылан мен кролик үшін террариум жасатыпты. Қалың шыны мен арнайы лампалар оның ішін оңтүстіктегідей ыстық етіп ұстап тұрады.
Питондар Майя және Юлий деп аталады. Олар әзірге кішкентай. Жұбайлар алдағы екі жылда бақпандыларынан ұрпақ өріп шығады дейді. Әзірге ерлі-зайыптылар өз жыландарын тілек білдіруші балаларға көрсетіп қана отыр.
Сұлтан Бозайғыр.