Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы ауыл-аймақтарында қасқырлар туралы тарап жатқан ақпаратқа байланысты баспасөз конференциясы өтті.
«Әлеуметтік желіде Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы ауыл-аймақтарда қасқырлар жүргені туралы жалған ақпараттар тарап жатыр. Дегенмен ондай жағдайлар тіркелген жоқ» деді Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитет төрағасының орынбасары Нариман Жүнісов.
Қасқырларды көрген жағдайда қандай іс-әрекет жасау керектігін айтып өтті. «Қашпау керек, айғайламаған жөн. Барынша тыныштық сақтап, алыстап кетуге тырысу керек. Қасқыр көрген жағдайда құқыққорғау органдарына хабарласу керек» деді ол.