• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Қаңтар, 2020

Барлық қызметтер күшейтілген режімде жұмыс істеп жатыр – Алтай Көлгінов (видео)

237 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі ауа райының күрт бұзылуына байланысты барлық қызметтердің күшейтілген режимде жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды. 

«Ауа райының күрт нашарлауына байланысты шұғыл штаб құрылып, жедел телефон желісі іске қосылды. Желдің екпіні 23-28 м/с. Төтенше жағдайлар, Полиция департаментінің қызметкерлері және Ұлттық гвардия қарда қалған көліктерді шығаруға көмектесіп, азаматтарды қауіпсіз аймаққа көшіруде. Төтенше жағдайлар департаментінде шұғыл штаб құрылып, жедел телефон желісі іске қосылды. Нөмірлері: 24-52-12, 24-51-71, 24-51-47» деп жазды А.Көлгінов.