Бұған дейін Алматы облысының Панфилов ауданында орналасқан «Нұр жолы» кеден бекетінен өткен 20 жолаушының ішінен екі адамның дене қызуы көтеріліп, оқшауланғаны жайында хабарлаған болатынбыз.
Қазір Панфилов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Нұрбол Ханағат коронавирусқа қарсы тексеруден өткен жолаушылардың індеттен аман екенін хабарлады. Дәрігерлердің толықтай тексеруінен өтіп, жұқпалы вирус белгілері табылған жолаушылардың үйлеріне оралуға рұхсат берілген.
Оқиға жайлы бейнеүндеу жариялаған қазақстандық студенттердің бір тобы өздерінің тыңғылықты тексеруден өткенін айтып, індет жайлы таралып жатқан негізсіз қауесетке сенбеуге шақырды.
Еске сала кетейік, 28 қаңтар күні Панфилов кеден бекетінен өткен 2 жолаушының дене қызуы көтерілгені анықталған. Олар Қытайдың Құлжа мен Гуанчжоу аймағынан оралған студенттер болатын.