Қала әкімі Қайрат Нүкенов облыс орталығындағы Алюминстрой шағын аудан тұрғындары алдында есептік кездесуі өтті.
Кездесуде сұрақтардың басым бөлігі шағын ауданындағы екі қабатты үйлердің бұзылып, олардың тұрғындарын жаңа үйлерге көшіруге қатысты болды. Бүгінде әлі 30 сүрілмеген үй бар. Сұрақ көп.
- Бұл мәселе менің құзырымда емес, - деді Қайрат Нүкенов.
- Сәулет ережелері бойынша үйлеріңіз тұрған жерде ешбір нысан салуға мүмкіндік жоқ. Ал Осипенко көшесі, 8, 8/1 және 8/2 үйлері биыл бұзылады.
Яғни, олардың орнына жаңа «Сарыарқа» шағын ауданында мектеп пен 10 көпқабатты тұрғын үй тұрғызылады.
Биыл жыл соңына дейін қалада мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес 61,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
Ал «Сарыарқа шағын ауданындағы құрылыс пен абаттандыру жұмыстары 2021 жылдың соңына дейін аяқталмақ.
Павлодар облысы