Ағымдағы жылдың 28 қаңтарында Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері ер адамға қарақшылық шабуыл жасаған екі күдіктіні ізін суытпай ұстады.
Күдіктілер жәбірленушіні пышақтап, одан ақша салынған күртешені тартып алады, сосын оқиға орнынан бой тасалаған. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілер ұсталып, полицияға жеткізілді. Жеткізілген азаматтар жергілікті тұрғындар болып шықты, олардың біреуі бұрын сотты болған. Тәркіленіп алынған пышаққа сараптама тағайындалды.
Аталған жайт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 192-бабының 2-бөлігімен («Қарақшылық») сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.
Күдіктілер Уақытша ұстау абақтысына жеткізілді. Полиция қызметкерлері олардың басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексеруде.
ШЫМКЕНТ