Елімізде қара жолда қаза тапқандар саны артып отыр. Биыл қаңтарда республика жолдарында 99 адам қайтыс болса, әрбір үш оқиғаның біреуі Алматыда тіркеледі екен. Бұл мәліметтерді Finprom.kz сарапшылары келтіріп отыр.
Олардың мәліметтеріне қарағанда, биыл алғашқы айда Қазақстанда 908 жол апаты тіркелген. Салдарынан 1,3 мың адам зардап шеккен екен.
Өңірлер арасында болған төтенше жағдай бойынша әдеттегідей Алматы қаласы көш бастап тұр. Бұл мегаполисте 259 ЖКО тіркелген көрінеді. Бұдан кейін Алматы және Шығыс Қазақстан облыстары тұр – 119 және 80 жол апаты.
Айта кетейік, 2019 жылы елімізде 16,6 мың жол-көлік оқиғасы тіркелген болса, 2018 жылы 15,8 ЖКО анықталған.