Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) ресми сайты өткен айды қорытындылап, символикалық құрамға енген хоккейшілердің есімін атады. Олардың қатарында «Барыс» ойыншысы да бар.
Қаңтар айындағы ҚХЛ-дің құрамына мына хоккейшілер кірді. Қақпада Илья Сорокин (ЦСКА) мен Игорь Бобков («Авангард»). Қорғаушылар – Микко Лехтонен («Йокерит»), Вячеслав Войнов («Авангард»). Шабуылды Антон Слепышев (ЦСКА), Кирилл Капризов (ЦСКА) және Никита Михайлис («Барыс») үштігі түйіндеді.
Айта кетейік, ҚХЛ ай сайын үздіктерді анықтап отырады. Ал оларды танымал хоккейшілер іріктеп алады. Мысалы қақпашыларды Ресей біріншілігінің қола жүлдегері Александр Фомичев, қорғаушыларды Олимпия ойындарының қола жүлдегері Александр Гуськов, шабуылшыларды Гагарин кубогының екі дүркін иегері, Ресейдің үш дүркін жеңімпазы Алексей Бадюков таңдайды.