• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 07 Ақпан, 2020

Қазақстандағы ең жас бүркітші

329 рет
көрсетілді

Иә, оның есімі - Ерасыл Серікбекұлы. 12 жаста. Нұр-Сұлтан қаласы іргесіндегі Сәпиевка ауылында тұрады екен. Ерасылды бүгін Абай ауданы Қарауыл ауылында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай өтіп жатқан республикалық сайыста кездестірдік.

«Қаршығамның аты - Чипок. Жақында бір жасқа толады. Әкем - бүркітші. Атам Күнтуған да бүркітші болған. Бұл алғашқы жарысым емес», - дейді ол.

Осы сайыстағы ең жас бүркітшінің әкесі Серікбекті аз-кем әңгімеге тартқанымызда құсбегілікпен атасы да шұғылданғанын айтты. «Мұны әкем Күнтуғаннан естідім. Сонда біздің әулетте төртінші буын құсбегілікпен айналысуда. Үйде төрт бүркіт, бір қаршығам бар. Осы жарысқа әкем ұстаған Ақбалақ атты бүркіт қатысып жатыр. 25 жаста. Бұл сайыстағы ең кәрі бүркіт», - дейді Серікбек Күнтуғанұлы.

Шығыс Қазақстан облысы,

Абай ауданы,

Қарауыл ауылы