• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Кәсіпқой бокс 10 Ақпан, 2020

Боксшыларымыз үш алтын алды

190 рет
көрсетілді

Мажарстанның Дебрецен қаласында өткен бокстан Иштван Бочкайды еске түсіруге арналған халықаралық тур­нир өз мәресіне жеті. Қазақстан құра­масынан финалға шыққан 4 бокс­шының үшеуі бас жүлде олжалады.

Атап айтар болсақ, 52 килодағы Махмуд Сабырхан финалда үндістандық Лалитха Прасада Полипаллиден басым түссе, 2018 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының жеңімпазы Айбек Оралбай (91 кг) аталған турнирде қарсылас шақ келтірмеді. Ол да финалда үндістандық Гаурава Чауханнан айласын асырып кетті. Ал әйелдер арасында сынға түскен Римма Волосеннко (60 кг) ресейлік Ектерина Дынникті жеңіп, жарыс жеңімпазы атанды. Финалдық сайыс­та жұдырықтасып, франциялық Вахид Хамблиге жол берген Талғат Шәйкен күміс жүлдеге ие болды. Сондай-ақ жартылай финалда сүрінген Айдос Арапов (57 кг), Нұрбек Оралбай (81 кг), Дамир Тойбай (+91 кг) және Марина Вольнова (69 кг) қола жүлдені қанағат тұтты.

Айта кетейік, ерлер сапында жұды­рықтасқан отандастарымыз еліміздің үшін­ші-төртінші нөмірлі боксшылары саналады. Ал ұлттық құраманың негізгі боксшылары наурыз айында Иорданияда өтетін лицензиялық жарысқа дайындалып жатыр.