• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 10 Ақпан, 2020

Қос медальға қол жеткізді

251 рет
көрсетілді

Парижде (Франция) өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирінің бірінші күнінде жерлестеріміз ел қор­жынына екі медаль салды.

Жарыстың алғашқы күні ерлер арасында 60, 66 және 73 кило салмақтағы балуандар белдесті. Париж татамиінде 60 килода күрескен Елдос Сметов жарыстың қола жүлдегері атанды. Отандасымыз іріктеу кезеңінде Мохаммед Рашнонужадтан (IJF), Янислав Герчевтен (Болгария) басым түссе, ширек финалда Дашдава Амартушинді (Моңғолия) жеңді. Ал жартылай финалда ресейлік Яго Абуладзеге жол беріп, қола үшін белдесуге мүмкіндік алды. Кіші финалда ол Оңтүстік Корея өкілі Ким Вон Джинді айқын басымдықпен ұтып, қола жүлдегер атанды.

Сондай-ақ 73 килода сынға түскен тағы бір қандасымыз Жансай Смағұлов бас жүлдеге сынық сүйем қалғанда сүрінді. Финалда жапониялық Соиши Хашимотодан жеңіліп, күміс жүлдеге ие болды. Смағұлов финалға дейін 6 кездесу өткізіп, оның бәрінде жеңіске жеткен болатын.