Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің өкімімен Ербол Садыр қала әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.
Ербол Әбілхайырұлы 1973 жылы дүниеге келген. Білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист. Еңбек жолын 1994 жылдан Созақ аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің экономика жөніндегі орынбасары болып бастаған.
1995-2009 жылдары Созақ ауданы әкімшілігі экономика бөлімінің бас маманы, меңгерушісі, экономика, шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі бөлімдерінің меңгерушісі, облыстық кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі басқарма басшысының орынбасары, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы инвестициялық саясат бөлімінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.
2013-2017 ОҚО әкімінің орынбасары, кейіннен Түркістан облысы әкімінің орынбасары болған. Ал, 2019 жылдың тамыз айынан бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.
Шымкент