Шымкенттік полицейлер алаяқтық жасады деген күдіктіні ұстады. Бұл туралы Шымкент қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Күдікті алаяқтық жолмен қала тұрғынының сеніміне кіріп, жер телімін сатамын деп шамамен 700 мың теңгеден астам сомада ақшасын алған.
Аталған жайт әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 190 бабы 1 бөлігі (алаяқтық) бойынша тіркелген.
Шымкент