• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Ақпан, 2020

Қарағанды тарихына арналды

309 рет
көрсетілді

Сексен жылдық тарихы бар Қарағандыда өңірдің тари­хи-мәдени мұрасын көздің қарашығындай сақтау мен оны кеңінен насихаттау, ту­ған өлкенің өткеніне ұқып­пен қарау мәдениетін қалып­тастыру және жас ұрпақ­ты қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу сынды жұ­мыстар дұрыс жолға қойылған.

Осы сөзіміздің бір дәлелі ретін­де таяуда облыстық тарихи-өлке­тану мұра­жайында «Қазыналы, кенді қала» атты көр­менің ұйым­дастырылғанын айтуға болады. Мә­­дени шара аясында кеншілер ас­танасының қатпарлы тарихынан мол мағлұмат беретін жәдігерлер көрме сөре­лерінен көрініс тапты.

Қала тұрғындары мен қонақта­рының назарына ұсынылған елуден астам экспонаттың ішінде шах­тер жабдықтары, кеншілердің жұ­мыс киімдері, геологиялық құ­­­рал-саймандар және алғашқы құ­­­­­­ры­лысшылар мен қоныс ауда­­ру­шылардың тұрмыстық затта­ры бар.

Көрменің Қарағанды қала­сы­ның өңірдегі көп салалы және ин­дус­триялық орталық ретінде қа­лып­тасуын көрсетуді мақсат ет­кенін айтады аталған музейдің аға ғылыми қызметкері Гүлмира Қонақ­баева.

– Экспозиция қаланың қалып­тасуы мен дамуының барлық тарихи кезеңдерін қамтиды. Мұнда мұра­жай қорының жәдігерлері мен қала тұрғындары тапсырған заттар жинақталған, – дейді ол.

Сонымен қатар көрме аясын­да «Қайда, қайда? Қараған­дыда!» атты дөңгелек үстел отырысы ұйым­дас­­тырылды. Ар­дагер кеншілер, ал­ғаш­­қы құры­лыс­шылар, ғалымдар, өл­ке­танушылар және жоғары оқу орын­дары мен колледж студенттері қатысқан бұл та­ғылымды шарада спи­керлер қазы­налы Қарағандының арғы-бергі тарихы мен тыныс-тірші­лігін әңгіме өзегіне айналдырды.

Қарағанды тарихын құрметтің төріне шығарған көрменің есігі ақпан айының соңына дейін келушілерге ашық болады.

 

ҚАРАҒАНДЫ