2013 жылғы 2 мамыр, Астана, Үкімет Үйі
«Қазақстан Республикасында өнімдердің сәйкестігін міндетті түрде растау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі №367 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:1. «Қазақстан Республикасында өнімдердің сәйкестігін міндетті түрде растау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 сәуірдегі № 367 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 17, 203-қү-жат) мынадай өзгерістер енгізілсін.1) көрсетілген қаулымен бекітілген міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдер мен қызметтердің тізбесінде:«Электротехникалық, радиотехникалық, электронды бұйымдар» деген 4-бөлімде:«КО СЭҚ ТН коды» деген бағанда:мына:«851640 Электр өтектер»деген жол мынадай редакцияда жазылсын:«8516 40 000 0 Электр үтіктер»;мына:«8516 31 Электр шаш кептіргіштер (фендер),деген жол мынадай редакцияда жазылсын:8516 31 000 0 Шаш кептіргіштер (фендер)»;«9504 30 200 0» деген сандар «9504 30 200» деген сандармен ауыстырылсын»;«Мемлекеттік құпияларды және қызметтік ақпаратты қамтитын мәліметтерді қорғаудың, өңдеудің, сақтаудың және берудің техникалық құралдары, сондай-ақ арнайы жедел-іздестіру іс-шараларының жүргізілуін қамтамасыз етуге арналған аппараттық және/немесе бағдарламалық құралдарды қамтитын телекоммуникация желілерінің жабдығы» деген 6-бөлімде:«КО СЭҚ ТН коды» деген бағанда:«8517 62 000 1-ден» деген жол алынып тасталсын;«Адамның терісімен, тамақпен және сумен жанасатын халық тұтынатын тауарлар» деген 9-бөлімде:«КО СЭҚ ТН коды» деген бағанда:«9619 0 110 0» деген сандар «9619 00 110 0» деген сандармен ауыстырылсын;«969 00 190 0,» деген сандар «9619 00 190 0» деген сандармен ауыстырылсын;«Ықтимал қауіпті өндірістерге арналған бұйымдар» деген 21-бөлімде:«КО СЭҚ ТН коды» деген бағанда:«7304 29 100 4» деген сандар алынып тасталсын;«7304 39 300 0» деген сандар алынып тасталсын;«8425 31 000 0» деген сандар «8425 31 000» деген сандармен ауыстырылсын;«8419 50 000 0» деген сандар «8419 50 000» деген сандармен ауыстырылсын;«Темір жол саласының өнімдері» деген 22-бөлімде: «КО СЭҚ ТН коды» деген бағанда:«8607 19 0 10» деген сандар «8607 19 100» деген сандармен ауыстырылсын;2) көрсетілген қаулымен бекітілген сәйкестік туралы декларациямен сәйкестігін растауға рұқсат етілетін өнімдердің тізбесінде:«Медициналық бұйымдар» деген 2-бөлім алынып тасталсын.2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.