• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 14 Ақпан, 2020

Қ.Көшербаев: Жобаның мақсаты – ұлттық озық туындыларды әлемге таныту

158 рет
көрсетілді

Алматыда БҰҰ-ның 6 тіліне аударылған қазақ әдебиеті антологияларының таныстырылымы барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қ.Көшербаев жоба Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Рухани жаңғыру» бағдарламасы бағыттарының бірі екендігіне тоқталып, ұзақ жылдарды, алысты көздеген, мұраты биік «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» жобасының мақсаты - қазақ әдебиеті мен мәдениетін, музыкасы мен бейнелеу өнерін, кино және театр саласындағы озық туындыларды әлемге таныту.

Ұлттық мәдениеттің бар жетістігін әлемдік өркениетке қосуды көздеген бұл жобаны әдебиеттен, сөз өнерімізден бастауды жөн көрдік. Қазақ әдебиетінің үздік үлгілерін БҰҰ-ның 6 тіліне аудару және оны осындай кең көлемде тарату – бұрын соңды біздің тарихымызда болмаған. Бұл жобаны ұйымдастыру және үйлестіру жүйесі де бұрынғыдан өзгеше болды.

Ондағы басты мақсат – көркем аударманың жоғары сапасын қамтамасыз ету еді. Ол үшін ең алдымен, жобаны жүзеге асыруға 6 елдегі көркем аударма саласында тәжірибесі мол, беделді деген баспалар таңдалды. 60 автордың үздік туындылары енген антологиялар дүниежүзінің 5 құрлығындағы 93 мемлекеттің ірі кітапханалары, іргелі оқу орындары, мәдениет пен әдебиетке маманданған ғылыми орталықтарына таратылады», деп атап өтті.