• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Президент 14 Ақпан, 2020

Президент Мюнхен қауіпсіздік конференциясына қатысып жатыр

163 рет
көрсетілді

Германия Федеративтік Республикасының Мюнхен қаласында адамзат қауіпсіздігі мәселелері талқыланатын саяси маңызды шаралардың бірі – Мюнхен қауіпсіздік конференциясы 56-рет салтанат құрды. Оған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр.

Жиынды Мюнхен қауіпсіздік конференциясының басшысы, дипломат Вольфганг Ишингер ашты.

Одан кейін сөз алған ФРГ президенті Франк-Вальтер Штайнмайер әлемде қауіп-қатердің көбейгенін, мемлекеттердің әлемдегі қауіпсіздікті өз идеяларынан биік қоюы керегін айтты.

Конференцияға 800-ге жуық делегат қатысып жатыр. Ақпанның 14-16 күндері Бавария астанасында «ЕО мен НАТО болашағы», «Киберқауіпсіздік», «Денсаулық сақтау мәселелері», «Сауда соғыстары мен санкциялар», «Жалған ақпарат, насихат пен күмәнді жаңалықтар», «Қытай рөлі мен ЕО-ның Ресеймен және АҚШ-пен қатынасы», «Таяу Шығыстағы ахуал» тақырыптары талқыланбақ.

Бұған дейін айтып өткеніміздей, Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жиынға Мемлекет басшысы ретінде бірінші рет қатысып отыр. Бұған дейін 2015, 2017, 2018, 2019 жылдары Сенат Төрағасы ретінде қатысқан болатын.

 

 

Мюнхен, ГЕРМАНИЯ