Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңестің президенті Ричард Хаас Президиенттің 56-шы Мюнхен Қауіпсіздік Конференциясындағы баяндамасы туралы ой білдірді.
«Мюнхен қауіпсіздік конференциясында Қасым-Жомарт Тоқаев сындарлы әрі салмақты ұстанымын айтты. Ол Орталық Азия тақырыбында, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастар тұрғысында баяндап берді. Осы орайда Ресеймен және Қытаймен байланыстар жайында айтты», - деді ол.
Бұл тұрғыда Ричард Хаас Қазақстан Президенті панельдік пікірталастың негізгі мазмұнын егжей-тегжейлі ашып бергенін атап өтті.
«Қасым-Жомарт Кемелұлының ұстанымы бүгінгі панельдік пікірталастың тақырыбына толық сәйкес келді. Осының негізі ретінде өңірлік өзара қарым-қатынасқа толық баға берілді. Президент мырза Орталық Азия өңірінің экономикалық әрі саяси дамуындағы Қазақстанның рөлі туралы атап өтті. Панельдік пікірталас қатысушыларына әлемдік сахнадағы Қазақстанның бастамалары мен ұстанымын толықтай түсіндірді», - деді Ричард Хаас.