Орта мектепті бітірген соң, еңбек жолымды шаруа қожалығында қатардағы жұмысшы болып бастадым. Елмен етене араласып жүріп халықтың кімге, қалай сенім артатынын көкейіме түйе жүрдім. Кербұлақ ауданындағы Қарашоқы ауылдық округ әкімі лауазымына сайлауға түскенімде, сол құндылық бір сәт те есімнен шықпады. Нақтылай түссем, Д.Қонаев атындағы университетті заңгер мамандығы бойынша бітіріп, 2005 жылы Кербұлақ аудандық сотында жетекші маман, 2006 жылдан аудан әкімі аппаратында заңгер, ұйымдастыру, кадрмен жұмыс бөлімінің бастығы жұмыстарын істедім.

Бүгінгі таңда Қарашоқы ауылдық округінде 2476 адам тұрады. Сауда орны, диірмен, мәдениет үйі, мектеп, дәрігерлік емхана, мешіт, балабақша, шағын наубайхана халыққа қызмет көрсетеді.
Ауыл орталығындағы балабақша ғимараты бұрынғы қалпында сақталған. Сонымен қатар, ұжым қарамағында мәдениет үйі тұрақты жұмыс істейді. Басты міндетім барды бағалаумен шектелмей өзіме сенім артқан халықтың тұрмысын жақсартқан үстіне жақсартып, әлеуметтік тұрғыдан қолдау көрсету. Мемлекеттік бағдарламаларға сай тартылатын инвестиция өз алдына. Мүмкіндіктерді саралай отырып, осы ауылдық округтен шыққан азаматтардың бастарын қосып ауылдарға шетелдік инвестиция тартуды да ойластырудамын. Сол игіліктің барлығының заңнама талабына сай іске асырылуын заңгер ретінде мұқият қадағалаймын.
Ауылдық округтер әкімдеріне қаражат әкелу мүмкіндігі берілгені өте жақсы болды. Енді сол қаражатты ел сеніміне селкеу түсірмей, қажеттіліктерін өтеуге жұмсаудың үлкен сын екенін біздер, әкімдер білуіміз керек. Мұны жергілікті өзін-өзі басқаруға туғызылған зор мүмкіндік деп, ауызекі тілде айтып, сан түрлі құжаттарды қопарыстырып отырмай нақты іске көшу міндет. Сол міндетті тұрғылықты халықпен келісе отырып, өзгелерге үлгі тұтатындай деңгейде жүзеге асырамын деп ойлаймын.
Азамат НҰРҒАЛЫМ,
Қарашоқы ауылдық округінің әкімі.
Алматы облысы.
Кербұлақ ауданы.