• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Ақпан, 2020

Ерікті жастар еркін форматта пікір алмасты

453 рет
көрсетілді

Өткен жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жастар жылының» жалғасы ретінде «2020 - Волонтерлар жылы» деп жариялаған болатын. Осы бағытта Шымкент қаласына қарасты Әл-Фараби ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен М.Әуезов атындағы ОҚМУ ғимаратында ауданның белсенді, ерікті жастарының қатысуымен форум өтті.

Еркін форматтағы кездесуге Әл-Фараби ауданының әкімі Ғабит Мәуленқұлов арнайы қатысты. Ғабит Патшаханұлы еріктілердің қатысуымен және атсалысуымен өтетін әлеуметтік, мәдени шаралар және қаламыздағы тазалық акциясы туралы айтып берді. Сонымен қатар биыл Шымкент қаласы ТМД елдерінің мәдени астанасы, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы және Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығы аясында аудан көлемінде ерікті жастармен бірлесе атқарылатын жұмыс жоспарлары туралы ойымен бөлісті.

Кездесу аясында аудан әкімі мемлекет басшысының қолдауымен жастарға мемлекет тарапынан әрдайым қолдау көрсетіліп келетіндігін атап өтті. Сондай-ақ жастар саясатын қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламаларға тоқталды.

Жиынға қатысушы жастар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, аудан басшысымен еркін түрде пікір алмасып, ұсыныстарын  жеткізді.

Аудан басшысы жастардың айтқан ұсыныстарын негізге ала отырып, мемлекет басшысының алға қойған мақсаттарына қол жеткізу үшін алған білімдері мен күш-жігерлерін туған қаламыздың өсіп-өркендеуі жолында жұмсауларына тілектестігін білдірді.

          Шымкент