Дортмундтың «Боруссия» футбол клубы мен «ПСЖ» арасындағы ойында алғашқы голды 19 жасар норвегиялық футболшы Холанд соқты. Бұл голға «ПСЖ» сапынан 75-минутта Мбаппенің пасынан кейін Неймар ғана жауап бере алды. Араға екі минут салып, жас ойыншы Холанд есепті еселеп кетті. Нәтижесінде «Боруссия Дортмунд» «ПСЖ» футбол клубын 2:1 есебімен жеңіп кетті.
Ал алғашқы ойынға қарағанда мадриттік «Атлетико» мен «Ливерпуль» арасындағы ойын аса тартысты бола қойған жоқ. Ойынның 4-минутында Сауль салған жалғыз гол мадриттік клубқа жеңіс сыйлады. Бір гол соққаннан кейін «Атлетико» командасы қорғаныста көбірек ойнауға тырысты. «Ливерпуль» ойыншылары шабуылда жиі қателесіп, тең ұпайға қол жеткізе алмады. Бұл үшін жанкүйерлер ағылшындық клубтың бас жаттықтырушысы Юрген Клоппты кінәлап отыр. Алда әлі жауапты кездесу бар.