• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Ақпан, 2020

Қарағанды облысында құрылыс қарқынды жүргізіледі

157 рет
көрсетілді

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек халыққа есеп беру жиынында халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталатын бірінші кезектегі жұмыс стратегиясын мәлім етті.

– Қолжетімді, сапалы үйлер мен жолдар салу, тұрғындарды тұрақты жұмыспен және еңбекақымен қамтамасыз ету, өңірдегі экологиялық мәселелерді шешу – басым бағыттағы міндеттер, – деп атап өтті ол.

Облыс басшысы өңірде жолдар мен үйлердің құрылысы бойынша арнайы жол картасы әзірленгенін хабарлады. Яғни, бұл салалардағы жұмыс қарқынын  еселеп арттыру жоспарда бар.

Жергілікті билік облыстағы 1800 көп балалы отбасын алдағы екі жылдың ішінде түгелдей басапанмен қамтамасыз етуді мақсат етіп қойған.

– Мемлекет басшысы тұрғын үймен қамтамасыз ету – бұл әлеуметтік саясаттың басым бағыты екенін айтты. Біздің тарапымыздан осы жылы тұрғын үй құрылысын облыс бойынша кемінде бір жарым есе және облыс орталығында екі есе ұлғайту үшін барлық мүмкіндіктер жасалуда. Бізде екі жыл ішінде 1800 көпбалалы отбасын қамтамасыз етуге толық мүмкіндік бар деп есептеймін, деді Жеңіс Қасымбек.

Сонымен қатар облыс әкімі Елбасының 2030 жылға қарай бір адамды тұрғын үймен қамтамасыз етуді 30 шаршы метрге дейін жеткізуді туралы тапсырма бергенін еске салды. Ал бүгінгі күнде өңірдегі бұл көрсеткіш 23 шаршы метрден асатын көрінеді.

Өткен жылды еске алсақ, өңірде 421 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, 1148 отбасы баспаналы болды. Оның ішінде «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 226 отбасы қоныс тойын тойлады.

Ал биыл 5 600 отбасы пәтерге ие болуы үшін 600 мың шаршы метрден астам тұрғын үй тапсырылуы тиіс. Бұл пәтерлердің жартысы әлеуметтік қорғалатын санаттарға арналған. Бұдан бөлек, жетім балалар үшін баспана кезегінің жылжуын жеделдету жоспарда бар.

Есеп беру жиынында Жеңіс Қасымбек бұл құрылыстардың сапасын бақылаудың күшейтілетініне ерекше мән берілетінін атап өтті.

 

Қарағанды облысы