• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
13 Тамыз, 2013

«Үлкен үзіліс» фильмінің жұлдызы қайтыс болды (видео)

376 рет
көрсетілді

Мәскеуде негізінен кешегі кеңес кезеңінде көрерменге кеңінен тараған «Үлкен үзіліс» атты сериалдағы кешкі мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Светлана Афанасьевнаның рөлі арқылы танымал болған актриса Наталья Богунова 9 тамыз күні 66 жасында қайтыс болды. Бұл туралы РИА «Новости» хабарлады.

Наталья Богунова 1948 жылы 8 cәуірде туған. Бірінші рет 11 жасында Игорь Таланкиннің «Вступление» деген фильміне түскен. 1970 ВГИК-ті Борис Бабочкиннің шеберханасында бітіріп шықты. Ол оннан аса картинада рөл сомдады.

 

Мұрат Айтқожа.

 

{youtube}BgvJRSYzC7k{/youtube}