Жапонияда Diamond Princess лайнерінің екі жолаушысы коронавирустан көз жұмды. Бұл туралы bbc.com хабарлады.
Бүгін Жапония билігі кемеде болған екі жолаушы қайтыс болды деп хабарлады.
Олардың айтуынша, 84 жастағы әйел және 87 жастағы ер адам коронавирустан көз жұмған. Екеуі де Жапония азаматтары.
Карантин басталған кезде кемеде 3700 жолаушы мен экипаж мүшелері болған. Жапония билігінің айтуынша, аурудың алғашқы белгілері Гонконг жағалауындағы жолаушыдан тарауы мүмкін деген мәліметтер бар.
Сонымен қатар бүгін Қытай билігі коронавирусқа шалдыққандар мен қайтыс болғандар туралы жаңа мәліметтерді жариялады. Қайтыс болғандар саны 2112-ге жетті, алдыңғы күнмен салыстырғанда 108-ге артты.
Анықталған жағдайлардың жалпы саны 74 мыңнан асып кетті, соңғы бір күнде Қытайда барлығы 628 жағдай тіркелген екен.