«Egemen Qazaqstan» РГ» АҚ Басқарма төрағасы, Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы «Түркі әлемінің генезисі» арнайы жобасының амбассадоры атанды.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаевтың қолы қойылған, «Түркі әлемінің генезисі» арнайы жобасының амбассадоры екендігін растайтын куәлікті бүгін вице-министр Ғабидолла Оспанқұлов табыс етті.