• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Ақпан, 2020

Маңғыстауда жыл басынан бері есірткіге қатысты 70 қылмыс анықталды

229 рет
көрсетілді

Жыл басынан бері Маңғыстау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 70 есірткі қылмысын анықтады, оның ішінде аса iрi мөлшердегі есірткі заттарды өткізу, тасымалдау, дайындау және заңсыз сақтаумен байланысты 17 ауыр және аса ауыр санаттағы қылмыстар бар. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі хабарлады.

Сонымен қатар өткізу мақсатынсыз есірткіні заңсыз сақтаумен байланысты 50 қылмыстық іс анықталды.

Заңсыз айналымнан 5 кг жуық түрлі есірткі заттары, оның ішінде марихуана, героин және синтетикалық «мефедрон» есірткісі тәркіленді.

Профилактикалық жұмыс шеңберінде 15 іс-шара өткізілді, соның ішінде семинарлар, дәрістер, кездесулер және ата-аналар жиналыстары, есірткіге қарсы сипаттағы бейнероликтер көрсетілді.

Маңғыстау облыстық ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасымен бірлесе отырып, Ақтау қаласының қоғамдық орындарында 8 граффити жазулар, сондай-ақ есірткі құралдарын және олардың аналогтарын жарнамалаумен және сатумен айналысатын 24 интернет сайт анықталып, жойылды.

Биыл қаңтар айында облыстық ПД ЕҚҚІҚ қызметкерлері жеде-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Мұнайлы ауданының аумағында Атамекен ауылында 1974 жылы туған «Б» есімді  азамат құрықталды. Оның тұратын мекен-жайы бойынша үй мен учаскені тінту кезінде 2 килограммнан астам «марихуана» есірткі заты бар алты пакет табылып, тәркіленді.

Аталған факті бойынша ҚК-нің «аса ірі көлемде есірткі құралдарын заңсыз сатып алу және сақтау» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.