• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Ақпан, 2020

Өтініштер партия назарында

122 рет
көрсетілді

Nur Otan партиясы Төрағасы­ның бірінші орынбасары Бауыр­жан Байбек Павлодар облы­сында болған жұмыс сапарын­да Екібастұз қаласындағы өзекті мәселелермен танысты.

Атап айтсақ, өңір әкімімен бірге ерекше қамқорлықты қажет ететін 138 бала тәрбиеленіп жатқан «Алтынай» арнайы балалар үйінің ғимаратын көрді. Соңғы рет мұнда күрделі жөндеу жұмыстары осыдан 10 жыл бұрын жасалған екен. Ғимараттың шатыры, қасбеті және жылу жүйесі қазір апатты жағдайда.

Ата-аналармен болған кездесуде партия Төрағасының бірінші орын­ба­сары балаларды қолдау мен құқы­ғын қорғау Nur Otan-ның негізгі жұ­мыс­тарының бірі екеніне тоқталып, осы мәселені шешу үшін барлық іс-ша­ра­­лардың қабылданатынын атап өтті.

Одан әрі Б.Байбек Екібастұздағы Nur Otan-ның қоғамдық қабылдауында болып, азаматтардың мұң-мұқтажын тыңдады. Қаралған мәселелердің ішінен ол құдықтың ауыз суын пайдаланып жүрген Сарықамыс ауылының 450 тұрғынының өтіні­шін партиялық бақылауға алды. Жер­гілікті биліктің ақпараты бойын­ша, орталықтандырылған сумен қам­тамасыз етуді жүргізу жұмыстары жыл соңына дейін аяқталады.

Сондай-ақ партия Төрағасының бірінші орынбасары әлеуметтік және еңбек құқығы саласындағы заңнаманы жетілдіру жөніндегі мәсе­лелер мен ұсыныстарды талқылау үшін Екібастұздағы ГРЭС – 1 жұмыс­шылары және өңірдегі тау-кен өндірісі кә­сіподақтарының өкілдерімен жүз­десті.

Сол күні Б.Байбек Пав­лодар қаласының белсенді тұрғын­дарымен бірнеше кездесу өткізді. Зиялы қауым, үкіметтік емес ұйым­дардың өкілдерімен бірге экология, еңбек миграциясы, сыбайлас жемқорлық, т.б. салалардағы өңірдің өзекті мәселелері талқыланды. Партия Төрағасының бі­рінші орынбасары әр мәселеге байланысты, оның ішінде заңнамалық дең­гейде де Nur Otan-ның жүйелі түрде айналысатынына ерекше тоқталды.

Елбасының тапсырмасы бойынша, Nur Otan партиясының бірнеше ай­дан бері Үкіметпен және өңірлік фи­лиалдарымен бірге алдағы 5 жыл­ға арналған аудандар, қалалар мен облыстарды дамытудың жаңа бағдар­ламасын дайындау жөнінде жұмыс істеп жатқанын атап өткен ләзім. Онда әрбір жеке аудандағы жергілікті ерекшеліктер ескеріліп, азаматтардың нақты қажеттілігі көрініс табатын болады.

Бұл жұмыстың шеңберінде Nur Otan партиясының басшылығы бар­лық елді мекендерді, оның ішінде шал­ғайдағы аудандар мен ауылдарды да қамту үшін еліміздің барлық өңір­лерін аралап шығуды жоспарлап отыр.

Павлодар облысына сапар барысы кезінде Б.Байбек 16 көппә­терлі үйдің 800-ге жуық тұрғыны орталықтандырылған жылусыз қалған Новочерноярка ауылының адамдарымен кездесті. Өңір басшылығының айтуынша, биыл ауылда бес әлеуметтік нысанды да, жақын жердегі мектеп, балаларбақшасы мен дәрігерлік емхананы да жылумен қамтамасыз ететін қазандық салынады.