• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 21 Ақпан, 2020

«Классиктер» үшінші орын алды

430 рет
көрсетілді

Бұл күндері Үндістанның бас шаһары – Нью-Делиде күрес түрлерінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Кеше грек-рим күресінің балуандары жарысты қорытындылады. «Классиктер» бәсекесінде біздің балуандар 1 алтын, 1 күміс және 3 қола медаль олжалап, жалпы есепте үшінші орынға тұрақтады.

Бақтияр Байсейітов баптайтын қазақ­стандық грек-рим күресінің шеберлері құрлықтық додадан бас-аяғы бес медаль олжалады. Атап айтар болсақ, жарыстың алғашқы күнінде 77 кило салмақта бел­дес­кен Тамерлан Шадукаев қарсылас шақ келтірмей, Азия чемпионы атанды. Сол күні Қорлан Жақанша (55 кг), Азамат Кұстыбаев (87 кг) және Мансұр Шадукаев (130 кг) қола медаль еншіледі.

Ал екінші жарыс күнінде 70 килодағы отандасымыз Ибрагим Магомедов финалда ирандық Амин Кавиянинежадқа есе жіберіп, күміс медальді қанағат тұтты. Азия чемпионатының қорытындысы бо­йынша бірінші орынды Иран құрамасы олжалады. Өзбекстанның балуандары екінші орын алды.

 

Соңғы жаңалықтар