• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Ауыр атлетика 21 Ақпан, 2020

Азияның үздігі атанды

207 рет
көрсетілді

Өзбекстан астанасы Ташкентте ауыр атлетикадан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті. Сары құрлық біріншілігінде жерлестеріміз 9 алтын, 2 күміс және 3 қола медаль жеңіп алды.

Жарыстың соңғы күнінде 102 салмақта сынға түскен отандасымыз Рахат Бекболат қоссайыста 356 (158+198) кило зілтемірді оңай еңсеріп, жарыс жеңімпазы атанды. Сондай-ақ жұлқа көтеру бойынша әлем рекордын орнатып, турнирдің ең үздік спортшысы атанды.

Рахат Бекболаттан бөлек Ташкент төрін­де Бақыт Ахметов шәкірттерінен Гүлнұр Ыбырай (64 кг), Карина Құз­ғанбаева (81 кг), Айсамал Сансызбаева (81 килодан жоғары), Сайхан Тайсуев ­(67 кг), Нұрғиса Әділетұлы (89 кг) және Ар­тем Антропов (96 кг) атой салып, Азия чемпионы деген құрметті атаққа ие болды.

Сондай-ақ 55 кило салмақтағы Абылай Әуелханов (55 кило) жасөспірімдер бәсе­кесінде күміс алса, жастар сайысында үшінші орынға табан тіреді. Гүлнұр Ыбырай да жасөспірімдердің додасын екінші орын­мен қорытындылады. Ал Сайрамкез Ақ­молда (61 кг) мен Есенкелді Сәпи (81 кг) үшінші сатыға жайғасты.

 

Соңғы жаңалықтар