• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қоғам 25 Ақпан, 2020

Шетелге шықпауға кеңес берді

147 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметінде Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин және министрліктің ресми өкілі Диас Ахметшәріп коронавирус инфекциясына байланысты жаңа мәліметтермен бөлісті.

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, бүгінде ҚХР-дағы жағ­дай тұрақталған, күнделікті өсу бәсең­деген. Өткен күннің нәтижесі бойынша ауруды жұқтыру 0,28% төмен­деген. Алайда, әлемнің басқа елде­рінде коронавирустың таралуы қарқын алып жатыр.

Оңтүстік Корея рес­пуб­ликасында соңғы екі күнде коронавирусты жұқтыру екі есеге өскен. Бұл жағдай Оңтүстік Кореяның екі провинциясында тіркелген. Кореяда 23 мың Қазақстан азаматы бар. Олардың арасында науқас жұқтырғандар тіркелмеген. Сонымен қатар Италия елінде – 144, Жапонияда – 132, Сингапурда – 89, Иранда – 43, Тайландта – 35, Малайзияда –  22,  Вьетнамда 16 науқас тіркелген.

«Бұл мемлекеттер қазіргі таң­да бізді ерекше алаңдатып отыр. Осы аталған мемлекеттерге шық­пау­ларыңызға кеңес бере­мін. Егер алдын ала жоспарлап қой­саңыз билет құны өзгеріссіз қайта­рылады. Ше­телде науқас жұқ­тырғандар ара­сында Қазақстан азаматтары жоқ», деді Ж.Бекшин.

Елге келіп жатқан әрбір ұшақ­тың жолаушылары қатаң бақы­лау­да. Сонымен қатар Жандарбек Бекшин барлық шекаралас өңір­лер­ге өзі барып көргенін алға тар­тты. Спикердің айтуынша, бү­гінде елге кіретін барлық жол қа­ты­нас түрлері қатаң бақылауда. Коронавирус елде тіркелген жоқ.