• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Ақпан, 2020

Түркістандықтар МӘМС жүйесі аясында тегін ем қабылдауда

368 рет
көрсетілді

Қазіргі уақытта Түркістан облысы тұрғындарының 96,9 %-ы МӘМС қатысушылары. Оның ішінде жарналарды мемлекет жүзеге асыратын 1 млн 300 мың адам, яғни 15 жеңілдігі бар санаттағы азаматтар бар. Облыс бойынша 73 медициналық мекемемен келісім шартқа отыру жоспарланған. Оның 40-ы мемлекеттік, ал 33-і жеке клиника. Келісімге келген мекемелерде медициналық сақтандырылған азаматтар ақысыз түрде ем қабылдай алады.

Түркістан облысына арнайы іссапармен келген «Міндетті әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов осындай деректерді мәлім етті. Сарыағаш ауданындағы бірқатар медициналық мекемелерді аралап, елді мекендердегі міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің жұмысымен танысқан басқарма төрағасы аудандық орталық ауруханасында МӘМС жүйесі арқылы тегін ем қабылдап жатқан науқастарға жаңа жобаның артықшылықтарын түсіндірді. Аудандық орталық ауруханаға 188 803 тұрғын тіркелген. Бүгінде сақтандырылған тұрғындар емханада компьютерлік томография мен магнитті резонансты томографиядан тегін өте алады. МӘМС аясында алғашқы медико-санитарлық, балаларға, ересектерге мамандандырылған медициналық көмектер көрсетумен айналысатын медициналық ұйымдардың мүмкіндігі кеңейе түскен. Жаңа жүйе аясында ауыл медицинасына жіті назар аударылуда.

Бүгінде аудан көлемінде жаңадан бірнеше бастапқы медициналық - санитарлық көмек көрсету орталықтары ашылған. Басқарма төрағасы солардың қатарына кіретін «Көктөбе» медициналық мекемесінде де болды. Орталықта кардиолог, хирург, стоматолог бейінді мамандар 20239 науқасқа қызмет көрсетіп келеді. Онда 15 дәрігер, 76 орта медицина қызметкері жұмыс істейді. Айта кетерлігі, бұрын ауыл тұрғындары бейінді мамандардың көмегін аудандық ауруханадан алатын болса, қазір өз ауылында орналасқан емхана көмегіне жүгінеді.

 

Түркістан облысы