Парламент Сенатының депутаттары Нұрлан Сүлейменов пен Ләззат Тұрлашов Алматы облысындағы Сарқант ауданы мәслихатының депутаттарымен кездесті.
Парламент Сенатының депутаттары Нұрлан Сүлейменов пен Ләззат Тұрлашов Алматы облысындағы Сарқант ауданы мәслихатының депутаттарымен кездесті.
Жүздесуде Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауында белгіленген даму бағдарламасын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету, саяси, экономикалық және әлеуметтік жаңғырту және Қазақстанның қауіпсіздігіне қатысты мәселелер басты тақырып болды. Талқылауға жергілікті атқарушы биліктің, «Нұр Отан» ХДП, бизнес өкілдері де қатысты.
Кездесуде шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдаудағы аймақтық бағдарламаны жүзеге асыруға, еліміздің агроөнеркәсіп кешенін дамыту жайында айтылды. Сенаторлар әңгіме барысында агроөнеркәсіп кешенін нығайту, кәсіпкерлікті дамыту және мамандарды даярлау салаларындағы мемлекеттік саясаттың бағыттарына тоқталып, жергілікті жердегі тыныс-тіршілікті қамтамасыз ететін инфрақұрылымды нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.