• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Әлем 25 Ақпан, 2020

ДДСҰ: Коронавирустан көз жұмғандар саны 2700-ге жетті

411 рет
көрсетілді

Әлем бойынша коронавирусты жұқтырғандар саны 80 мыңнан асқан, ал індеттен 2700 адам қаза болды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (WHO) ұсынған соңғы мәліметке сенсек, вирус әлемнің 34 елінде тіркелген.

Осыған дейін Жапония, Солтүстік Корея, Тайланд, Италия елдерінде науқастар санының күрт өскені жайлы айтылған еді.

Кеше Иран, Кувейт елдері де індет жұқтырған науқастардың бар екенін хабарлады.  Бүгін Кувейт вирус жұқтырғандар саны 8 адамға жеткенін хабарлады. Бірқатар елде вирус белгілері Ираннан келген жолаушылардан байқалғаны айтылған.

78 мыңға жуық жағдай вирустың ошағы Қытайда тіркелген.

Дүниежүзі Денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, Оңтүстік Кореяда науқастар саны 977-ге жеткен. Сондай-ақ «Diamond Princess» лайнерінің жолаушылары арасында 695 адам індетке шалдыққан. Ал Италияда вирус жұқтырған 229 адам тіркелген.