Мұнайлы қаладан ашылған жаңа орталықтың мақсаты – мұнай саласының мамандары үшін біліктілікті арттыру сабақтары мен бизнес тренингтер өткізу, сондай-ақ техникалық қауіпсіздік, өрт қауіпсіздігі жөнінде білім беру.
Бүгінде орталықта 5 мұғалім дәріс өткізуде.
Орталықтың ашылуына оның басшысы Қуандық Тоғжанов «Нұр капитал» бағдарламасымен 30 млн теңге көлемінде 1 пайыздық несие алып, 10 млн теңге инвестиция бөлген.
Қай жұмыста болса да сауаттылық, кәсіби шеберлік алдыңғы орында, өйткені ол – заман талабы. Біз сауатты да білікті мамандар қатарын көбейтуді міндет етіп отырмыз. Алдағы уақытта дәріс оқып, тәжірибелерін бөлісу үшін шетелдік мамандарды шақырту да ойымызда бар, дейді 28 жастағы жаңаөзендік кәсіпкер.
Маңғыстау облысы