Бұрын мемлекеттің негізгі байлығы болған кен орындары жылжитын және жылжымайтын мүліктер соңғы ширек ғасырда дамыған елдерде екінші қатарға ысырылып, олардың орнына адам капиталы қоғамды өркендететін негізгі күшке айналды. Сондықтан, өткен ғасырдың 70-80-ші жылдарына дейін негізгі қаржыны өндіріс, станоктар т.б. бөлген мемлекеттер, енді білім мен ғылым, адамның жан-жақты дамуына бөлетін болды.
Бұрын мемлекеттің негізгі байлығы болған кен орындары жылжитын және жылжымайтын мүліктер соңғы ширек ғасырда дамыған елдерде екінші қатарға ысырылып, олардың орнына адам капиталы қоғамды өркендететін негізгі күшке айналды. Сондықтан, өткен ғасырдың 70-80-ші жылдарына дейін негізгі қаржыны өндіріс, станоктар т.б. бөлген мемлекеттер, енді білім мен ғылым, адамның жан-жақты дамуына бөлетін болды.
Адам дамуына жаппай көңіл бөлу молекулярлық биология, космо және нанофизика, нанохимия, когнитивті ғылымдар, наноақпарат, наноэлектроникағы ғылыми-технологиялық өрлеу өмірдің барлық салаларына түпкілікті өзгеріс әкеліп, қоғам дамуындағы зерделіктің басымдығын дәлелдеді.
Бұл кезде ғылым мен технологияға бөлінетін қаржы ондаған есе өсіп, әрқайсысының құны екіден бастап ондаған миллиард доллар тұратын «Геном», «Адам геномы», «Нанотех», «Биотех», «Жасанды суперинтеллект», CERN, SATI (ғарышты зерттеу) сияқты халықаралық мегажобалар іске асуда. Енді Алмания 80 ел қатысқан халықаралық ірі ғылыми жобаны іске асыруға кірісуде.
Осы уақытқа дейін эволюцияның өнімі болып келген адам, енді осындай постклассикалық зерттеулер мен оның жетістіктерін наноинженерия, молекулярлы-биологиялық, наногеномдық, наномедициналық, нейро-чиптер технологиясы, жасанды интеллект т.б. нәтижесінде эволюцияны өзі жасайтын жаңа сатыға көтеруде.
Бір өкініштісі, жаңа адамзатты қалыптастыратын осындай заманауи өзгерістер біздің қатысуымызсыз өтуде. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында белгілі себептермен осындай революциялық өзгерістерден тыс қалған Қазақстан алдағы уақытта ғылым мен технологияның дамуына тиісті көңіл бөлгенде ғана ХХІ ғасыр көшіне ілеседі. Зерделік бәсекелестік заманында ғылым мен технологиясын тиісті қаржы бөліп дамытпаған елдер басқалардың тауарларын алуға, яғни солардың өндірісі мен экономикасын дамытуға мәжбүр болуда.
Қазақстанның бүгінгі даму қарқыны ТМД елдерінің ішінде алдыңғы қатарда, кейбір көрсеткіштерде Шығыс Еуропа елдерінің деңгейіне жеттік дегенімізбен, 2008 жылғы Елбасы Жолдауындағы, «...біздің ауыл тұрғындарының еңбек өнімділігі батыс елдеріндегіден 20 есе кем» деген тұжырымдамасы мен Кеден одағындағы ІЖӨ Белоруссиядан үш еседей көп бола тұрса да, Қазақстанның тауар айналымының осы елден үш есе кем болуы, яғни біздегі адам капиталы деңгейінің сол Белоруссиядан 4-5 есе төмендігін көрсетсе, біздің елдің экспортындағы шикізат 95%-дан астам болуы стратегиялық тұрғыдан көп мәселелерді қайта қарауды қажет етеді.
Қазіргі жағдайда Қазақстанда жеңіл, тоқыма өнеркәсіптерін дамыту мүмкін болмай қалды. Сонымен қатар, бәсекелестік, мамандардың жетіспеуі т.б. салдарынан автомобиль, ауылшаруашылық машиналарын шығарудың толық цикліне қол жеткізу де толығымен іске аспай қалуы мүмкін. Себебі, мамандар автокөлік, компьютер т.б. құрастыруды өндірістен гөрі салықтан кетудің уақытша жолы деп қарайды. Қазақстан БСҰ-ға кіргенде ол өзінен-өзі жойылады. Сонымен қатар, көрші Ресейден шығатын осындай автомобильдердің құны біздікінен әлдеқайда арзан болғандықтан, бүгінде сырттан келетін автокөліктердің жартысынан астамы осы елдің үлесінде.
Әлемдік банктің Қазақстанда жүргізген зерттеулері бойынша мұнай-газ, машина жасау, металл өңдеу салаларында жұмыс берушілер жұмысшылардың жетіспейтіндігін және осы салаларда істейтіндердің 60%-ның кәсіби деңгейінің төмендігі өндіріс пен кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретінін айтады.
Кеңес кезінен қалған қорғаныс саласының зауыттары бейбіт өнім шығаруға бейімделмеген, ал басқа өндірістегі станоктар мен құралдар ескірген және көп қуатты қажет ететіндіктен тиімсіз. Сондықтан, өнеркәсіптің негізгі салаларын дамытуды жаңадан бастау қажет. Ал, экономиканың қай саласына басымдық беріп дамытуды дұрыс шешу стратегиялық тұрғыд