• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 01 Наурыз, 2020

Ақтауда «Біз-Жеңістің мұрагеріміз» тағзым эстафетасы өтті

287 рет
көрсетілді

Ақтау қаласындағы «Мәңгілік от» монументінде Жеңістің 75 жылдығына орай «Біз-Жеңістің мұрагеріміз» атты тағзым эстафетасы ұйымдастырылды.

Республикалық тағзым эстафетасы Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Тұрғымбаев Ерлан Заманбекұлының нұсқауымен басталғна болатын. Бұл туралы Маңғыстау облыстық Полиция департаменті хабарлады.

Даңқты жауынгерлік жолы Мәскеуден Берлинге дейін жалғасқан Кеңес Одағының Батыры генерал-майор И.В.Панфилов атындағы 8-ші гвардиялық мотоатқыш дивизиясының Жауынгерлік Туының көшірмесін тапсыру үшін салтанатты түрде шеру өтті.Бұл эстафетаның мақсаты – екіншідүниежүзілік соғыстағы қазақстандық жауынгерлердің ұлы ерліктеріне тағзым ету, шайқаста қаза болған және соғыстан кейінгі уақытта өмірден озған әр сарбаздың жеке ерлігі алдында бас иіп, құрмет көрсету.

Эстафета барысында Жауынгерлік Тудың көшірмесі 3 республикалық маңызы бар қалада, 14 облыс орталығында болады.

Қазақстан аумағы бойынша жолдың ұзындығы теміржол және автомобиль жолымен 11 мың шақырымды құрайды.

5 ақпаннан бастап бүгінгі күнге дейін Жауынгерлік Ту көшірмесі Алматы, Қаскелең, Ұзынағаш, Қаракемер, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Түркістан және Қызылорда, Атырау қалаларында болды.

Әрі қарай Ту еліміздің 9 ірі қалаларына өз жолын жалғастырып, кейін 7 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Жеңіс парадында өз жолын аяқтайды.

Шарада Маңғыстау облысы әкімдігі, Полиция департаменті, әскери бөлімдер басшылары, екіншідүниежүзілік соғыс ардагерлері сөз сөйледі.

Алаңда құқық қорғау органдары мен әскери бөлімдердің жеке құрамы бірінен соң бірі сап құрады. Салтанатты жиынға жиналған жұрт өз жандарын бейбіт өмір үшін қиған жауынгерлердің рухын бір сәт үнсіздікпен еске алды.

Шеруді 8-ші гвардиялық дивизия жеке құрамы бастап, Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан, Теңіз жаяу әскері, Полиция департаменті, Төтенше жағдайлар департаменті, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен қоса барлық әскери бөлімдердің жеке құрамы сап түзеп жүріп өтті.

Сонымен қатар, «Жас сарбаз» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілерінен құралған құрам да шерумен бірге болды.

Қазіргі таңда Қазақстанның Қарулы күштері қатарында сұрапыл соғыста Жеңісті жақындатқан аталарымыз бен апаларымыздың ұрпағы, немерелері мен шөберелері қызмет етеді. Құқықтық тәртіп әскерінің жауынгерлері аға буыннан эстафетаны қабылдап, олардың даңқты және жауынгерлік дәстүрлерін өздерініңерен еңбектерімен жалғастырып келеді.