• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 03 Наурыз, 2020

Еріктілер мектебі ашылды

394 рет
көрсетілді

Волонтер жылына орай Өскемендегі Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде Еріктілер мектебі ашылды.

«Құрамына 200-ден астам студентті біріктірген мектеп сабақтастық, саулық, таза әлем, асыл мұра, қамқор, бі­лім, үміт секілді жеті бағыт бо­­йынша 19 ақпаннан 19 ма­мырға дейін жұмыс істейді. Аталған бағыттар бойынша Еріктілер мектебінде дәріс оқы­­лып, семинар-тренингтер мен шеберлік сабақтар ұйым­дастыру жоспарда бар» дейді университет ректоры Мұхтар Төлеген.

Жалпы, қазіргі уақытта бұл оқу орнында 2 мыңнан астам студент еріктілер құрамында жұмыс істейді екен. Ал жа­ңа­дан ашылған Еріктілер мек­­тебі 3 ай көлемінде 200 сту­дентті оқытып, дайындап шы­­ғар­мақ. «Білім және ғы­лым министрлігінің тапсыры­сына сәйкес біз 240 еріктіні да­йындап шығаруға тиіспіз. Бұ­дан бөлек облыс әкімдігі де өздерінің өтініш-тілектерін біл­діріп отыр. Еріктілер мек­тебінде студенттерді Абай шы­­ғармашылығымен, Қа­за­қ­станның тарихымен, же­тіс­­тіктерімен, Елбасының қай­­­­раткерлік қырларымен, Шығыс Қазақстан жайындағы мағлұматтармен жан-жақты таныстырамыз. Биыл еліміз­дегі ең мерейлі дата Абай тойы болғандықтан бұл ауқым­­ды шараға волонтерлер жіберу ойымызда бар. Екі жүз студенттің ішінен 80-ін іріктеп, таңдап аламыз. Олар Абай тойына келген қо­нақ­тарға қызмет көрсетеді. Ерік­тілерге абайтанушы, фи­лология ғылымдарының док­торы Айжан Қартаева, Люция Абдуллина, «2019 жыл­дың үздік оқытушысы» атанған Жанна Әубәкірова, Раушан Нұр­бекова, Президент жа­нын­дағы мемлекеттік бас­қару академиясының аға оқы­тушысы Гүлфия Берік­бо­лова сынды білікті ұстаздар сабақ береді», дейді аталған оқу орнының кәсіптік даярлау және біліктілікті арттыру ре­сурстық орталығының ди­рек­торы Бақытжан Кел­генбаева.

 

ӨСКЕМЕН