2013 жылғы 7 тамыз Астана, Үкімет Үйі
«Еттің жекелеген түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемін бөлудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 сәуірдегі №343 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. «Еттің жекелеген түрлерін әкелуге арналған тарифтік квоталар көлемін бөлудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 сәуірдегі №343 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында еттің жекелеген түрлерін әкелуге тарифтік квоталардың 2013 жылға (1-кезең) арналған көлемін бөлуде:
«Ірі қара малдың еті, мұздатылған (КО СЭҚ ТН 0202 коды)» деген бөлімде:
Реттік нөмірі 12-жолдың 4-бағанындағы «724,0» деген сандар «0,724» деген сандармен ауыстырылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.АХМЕТОВ.