Жыл сайын облыс әкімдігінің қаулысымен елді мекендердің аумақтарын көгалдандыру, санитарлық тазалау және абаттандыру іс-шаралар айлығы жүргізіледі.
2019 жылы айлық барысында 46 350 адам қатысып, 12 435 тонна қалдық шығарылды. 2019 жылдың 27 шілдесінен бастап Қазақстан бойынша өткізілген «Бірге – Таза Қазақстан» экологиялық акциясы барысында 400 тоннадан астам қоқыстар жинақталып, арнайы орындарға тасып шығарылды. Жыл сайын «Таза жағалау» акциясы жүргізіледі. 2019 жылы облыста барлығы 31 613 түп ағаш көшеттері отырғызылды.
-Көктем айы басталысымен тазалық жұмыстары қолға алынады. Тазалық, қоршаған ортаның ластанбауы – денасулық кепілі. Сондықтан, тазалық, абаттаныдру, көгалдандыру мәселесін әрбір жекелеген тұрғын міндетім деп санап, тазалықты өзінен, өз ауласынан бастаса деп ойлаймыз. Бұл қоғамғ ажасалған, түптеп келгенде өзімізге, ұл-қыздарымызға жасалған қамқорлық болып шығар еді, дейді Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқарма басшысының орынбасары Е. Əділбаев.
Маңғыстау облысы