• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Наурыз, 2020

Салғырттық салдары

427 рет
көрсетілді

Шымкентте тілсіз жаудан зардап шеккендердің қатары жыл өткен са­йын көбейіп келеді. Қайғылы оқиғалардың дені газ қондырғыларын дұрыс пайдаланбау салдарынан туындап отыр. Былтыр шаһарда 7 адам көгілдір отыннан уланып қайтыс болған.

Тіпті бірнеше жыл бұрын қаланың «Солтүстік» шағын ауданында №62 жер үйдегі пәтерлердің бірінде газдың ауаға таралуынан жарылыс болған. Салдарынан пәтерлердің де есік-терезесі қирап, 1980 жылы туған ер адам зардап шеккен еді.

Тілсіз жаудың зардабын қаң­тар айында қаладағы жекеменшік балабақ­шалардың 4 бүлдіршіні мен тәрбиешісі де тартты.  Дегенмен, газ иісінен улан­ған екі жастағы сәбилер мен тәр­биеші қалалық ги­пербариялық оксигена­ция ор­талығына жатқызылды. Қуан­тар­лығы, адам шығыны жоқ. Қала­лық төтенше жағдай басқармасы мен «ҚазТрансГаз» АҚ өкілдері «Қаршы­ға» балабақшасында улану оқиғасы газ колонкасының ақауынан шыққан деген болжам жасады.

Ақпан айында шаһардағы көп­қабатты тұрғын үйлердің бірінде 26 және 28 жастағы екі әскери қыз­мет­кердің өлі денесі табылды. Анығында олар түнде үйді жылытпақ болып, газ плитаны қолданған. Сөйтіп өздері ұйқыға жатқан. Белгілі бір уақыт­та көгілдір отын сөніп, қайта қосыл­ғанда, улы газ бөлмелерге тарапты. Қалалық төтенше жағдайлар депар­таментінің басшысы Нұрболат Дер­бісов датчиктен бөлмеде газдың иісі бар екенін анықтағанын айтады.

Апатты жағдай мен қайғылы оқи­ғалардың себебі туралы төтенше жағ­дай қызметкерлері бұған ең әуелі тұрмыстық салғырттық, сосын тұр­ғ­ындар­дың газбен жылыту қондыр­ғыларын заңсыз орнатып алуы себеп болып отыр дейді.

«Қыс мезгілінде тұрғындар терезе-есіктерін қымтап ұстайды. Үйді жылыту үшін қосымша электр тогын қо­са­ды. Оның көбісі газ арқылы ж­ұмыс іст­егеннен кейін улану процесі өр­шиді», деді қалалық ТЖД басшысы Нұрболат Дербісов.

Шымкенттің «Самал», «Ынты­мақ», «Қазығұрт» шағын аудандары­мен қатар бірқатар көшеде арнайы қауіпсіздік шараларын түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Жұмыс күндері тұрғындар үйлерінде көп болмайтындықтан мамандар халық­қа көгілдір отын жайында үгіт-насихат­ты арнайы демалыс күндері жүргіз­ген. Нәтижесінде, 1 тәулікте 2 мың үйді аралап, 3 мың адам алдын алу жұмыс­тарымен танысты. Бұл тұрғыда «ҚазТрансГаз» мекемесінің өкілдері де арнайы рейдке шыққан. Қызметкерлер тұрғындардың келісімімен әр үйге кіріп, жылу жүйесінің жұмыс істеу барысын тексерген. Газдан ақауы бар үйлерге ескерту жасап, 5 күн ішінде қайта жөндеуіне мүмкіндік берілді.

Алайда тұрғындар өз көздеріне көрінбейтін ақауды елемей, оның соңы жоғарыдағыдай қайғылы оқиғаларға ұласуда. Жуырда Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Мадияр Жақсыбаев тұрмыстық газ құрылғыларын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу салдарынан орын алған қайғылы оқиғалар және оның алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар жайлы сөз қозғады.

Басшының айтуынша, биылғы жылу беру маусымында улы газдан улану­дың 10 оқиғасы тіркеліп, 10 адам қайтыс болды, 4 адам жарақат алды. Жылыту мау­сымы басталғалы бері тұр­ғын үй секторында өрт қауіп­сіз­дігін қамтамасыз ету және улы газдан уланудың алдын алу мақсатында ТЖ департаменті қала және аудан әкімдігі, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент қаласы бойынша филиалының қызметкерлерімен, Nur Otan партиясының Jas Otan жастар қанатының еріктілерімен бірлесіп, түсіндіру жұмыстарын қарқынды жүргізуде. Сонымен бірге «Шымкент – ТМД елдерінің мәдени астанасы» жылы аясында департамент өзінің оқыту базасында өрт қауіп­сіздігі қағидаларын сақтау, азамат­тық қорғанысты ұйымдастыру және басқа да төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері бойынша денсау­лық сақтау ұйымдары мен білім беру меке­мелерінің 43 қызметкерін оқытты.

Қала тұрғындарының басым бөлігі жеке секторда тұрады. Көптеген үй ор­талық жылу қазандықтарына қосыл­маған, жеке газ қондырғыларын пайда­ланып келеді. Дегенмен, шетел­ден енген құрылғылармен жүй­елі таныспаған немесе дұрыс қолдана алмаудың салдарынан улану оқиғалары тыйылмай тұр.

Осы ретте төтеншеліктер мен газ тара­ту­шы мекемелер тұрғындарды сақ­тық­қа шақырып, газдың иісі шыққан жағ­дайда байланыс тетік­теріне хабарласуды сұрайды. Сондай-ақ қандай да бір жөндеу жұмыстары үшін арнайы маманның көмегіне жүгінуге шақырады.

 

ШЫМКЕНТ