• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
20 Тамыз, 2013

Ақпараттар ағыны

218 рет
көрсетілді

*Қазақстанда «Агробизнес-2020» бағ­дарламасы аясында ауыл шаруа­шылығы кешенін қолдаудың жаңа тетіктері енгізіледі. Ол 2014-2020 жылдарға арналған сүтті мал шаруа­шылығын дамыту бойынша шеберлік жоспары арқылы жүзеге асырылады.

*Қазақстанда «Агробизнес-2020» бағ­дарламасы аясында ауыл шаруа­шылығы кешенін қолдаудың жаңа тетіктері енгізіледі. Ол 2014-2020 жылдарға арналған сүтті мал шаруа­шылығын дамыту бойынша шеберлік жоспары арқылы жүзеге асырылады.

*Елордада хирургиялық операция барысы трансляция арқылы көрсеті­леді. Қазақстанның қан тамырлары хи­рургтері қоғамының бірінші съезіне қатысушылар жүргізіліп жатқан отаны «Тілеп Қобыз» сарайының залында бақылай алады.

*Жамбыл облысында Индустрия­ландыру картасының аясында 38 инвестициялық жоба қолға алынды. Жалпы құны 546,7 млрд. теңге болатын бұл жұмыстардың тізбегінде «ҚазФосфат» ЖШС жақында күкірт қышқылын өндіруді жобалау цехын іске қосты.

*Оңтүстік Қазақстан облысының альпинистері Қырғызстандағы Ленин шыңына аяқ артты. Құрамында Юрий Лукьянов, Марс Садықов, Виктор Груня­шин, Николай Деревянко және Ресейдің Воркута қаласынан келген Александр Утвенко бар команда бұдан 25 жыл бұрын бағындырылған шыңды алған екінші топ болып отыр.

*Қостанай облысында ауыл ша­руашылығы мақсатында жалға беріл­ген 342 жер телімі мемлекетке қай­тарып алынды. Кеше бұл туралы об­лыс әкімдігінің жиынында мәлімдеген облыстық жер қатынастарын басқару бас­қармасы бастығының міндетін атқарушы Нұрлан Әбдуов барлығы 297 мың гектар алқаптың қайтарылғанын айтты.

*Ақтөбенің үздік мектептері жаңа оқу жылы қарсаңында бірқатар ма­рапаттарға ие болды. Қала әкімі Ерхан Омаров мұғалімдердің тамыз мәс­лихатында №33 мектепке дейінгі мекемені, №21 мектеп-гимназияны, қалалық Оқушылар сарайын алғыс хатпен марапаттап, 150 мың теңгенің сертификатын табыс етті.

* Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарай ауданының жастары кеше Абай ауданына «Киелі мұрамызға тағзым» акциясы аясында сапар шекті. Олар мұнда Жидебайда болып, Бөрілідегі М.Әуезовтің мұражайын, сондай-ақ Абай мен Шәкәрімнің кесенелерін аралап көрді.

«ҚазАқпарат», «Қазақстан жаңалықтары», Bnews.kz, TengriNews, EgemenNews хабарлары бойынша дайындалды.