• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
20 Тамыз, 2013

Сапар жайын тағы бір пысықтады

237 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Астанаға ресми сапармен келген ҚХР Сыртқы істер министрі Ван Имен кездесу өткізді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Кеше Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов Астанаға ресми сапармен келген ҚХР Сыртқы істер министрі Ван Имен кездесу өткізді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Келіссөздер барысында ҚР және ҚХР сыртқы саяси ведомство басшылары Қазақстан – Қытай ынтымақтастығы мен халықаралық институттар шеңберіндегі өзара ықпалдастығы мәселелері бойынша, сонымен қатар өңірлік және жаһандық қауіпсіздік мәселелері жөнінде үйлесімді диалог өткізді.

Күн тәртібінің негізгі тақырыптарының бірі осы жылдың қыркүйек айында ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға сапарына дайындық мәселелері болды. Аталмыш сапардың екіжақты қарым-қатынастардың одан әрі дамуына ерекше маңызын ескере отырып, тараптар жоғары деңгейдегі шараны өткізуге дайындық мәселелері жөнінде пікір алмасты. Атап айтқанда, екі елдің Мемлекет басшыларының екіжақты кездесуінен бөлек сапар бағдарламасы ҚР Үкімет басшысы мен Парламент Мәжілісінің Төрағасымен кездесулерін де қамтиды. Сонымен қатар, екіжақты құжаттарға қол қою, соның ішінде тараптардың тату көршілес, конструктивті және тең дәрежелі қарым-қатынасқа деген ұстанымдарын білдіретін жан-жақты стратегиялық әріптестікті әрі қарай тереңдету жөніндегі бірлескен декларация да бар.

Қазақстандық тарап ҚХР-дің әлемдік саясаттағы маңыз­ды рөліне, оның әлемдік эко­но­микалық процестердің локомотиві ретінде маңызына, сонымен қоса мемлекеттің халықаралық мәселелерді шешудегі белсенді ұстанымына ерекше мән береді. Тараптар тұрақты түрде үкімет басшыларының кездесуін өткізу тәжірибесі Қазақстан мен Қытай экономикаларының стратегиялық салаларындағы екіжақты қарым-қатынастың дамуына жол ашады деген пікірде.

Үлкен саяси сенімнің тағы бір дәлелі, тараптардың шекарааралық өзендерді пайдалану мәселелеріне қатысты рационалды және салмақты ұстанымдарды берік сақтап отырғаны болып табылады. Су алмасу, шағын шекарааралық және шекаралық өзендерден бірлесе су алу мәселелері жөнінде жемісті пікір алмасу тараптардың осы мәселені біртіндеп шешуге деген ұстанымдарын байқатады.

Сауда-экономикалық ынты­мақ­тастықты табысты алға тартудың куәсі, екіжақты сауда көлемі болып табылады. Ол 2012 жылы 23,9 млрд. АҚШ долларын құраған болса, тараптар 2015 жылға дейін осы көрсеткішті 40 млрд. АҚШ долларына жеткізуді көздеп отыр. Әңгімелесуші тараптар көпжақты механизмдер аясындағы, соның ішінде аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселелерінде күн санап айтарлықтай белсенді рөл атқарып келе жатқан ШЫҰ, АӨСШК аясындағы өзара ықпалдастықтың өзектілігін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар