• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
20 Тамыз, 2013

Қан тамырлары хирургтарының І-ші съезі

313 рет
көрсетілді

Астана қаласында өтетін Қазақстан қан тамырлары хирургтары қоғамының бірінші съезіне қатысушылар «Тілеп Қобыз» сарайында бейнекөрсетілім арқылы жүргізілетін операциялармен тікелей танысатын болады, деп хабарлайды Республикалық медициналық жедел жәрдем ғылыми-зерттеу орталығы.

Халықаралық сарапшылар қатысатын Республикалық бі­рінші съезд шеңберінде өткі­зілетін шеберлік кластары және бейнекөрсетілім арқылы жүр­гі­зілетін үлгі операциялары респуб­ликалық медициналық жедел жәрдем ғылыми-зерттеу орта­лығында және №1 қалалық ауру­хананың базасында жүргізілетін болады. Бұл шараларды 22 және 24 тамыз күндері аралығында өткізу жоспарланған. Алдын ала хабарланғанындай, Қазақстан қан тамырлары хирургтары қоғамының бірінші съезінің жұмысына Ресей, Өзбекстан, Литва, Израиль және Германия мемлекеттерінің білікті сарапшылары қатысады.

Қазақстан қан тамырлары хи­рургтары қоғамының бірінші съезі осы басқосу аясында қан та­­мырларын емдеудің бүгінгі таң­дағы озық технологияларын және тиімді ғылыми ізденістерін қолжетімді етуді көздеп отыр. Маңызды басқосу барысында Қазақ­­­станның мамандары шет­елдер­ден келген білікті маман­дармен тәжірибе алмасып, тиімді шеберлік класта­рын өткізу жос­парланған. Сонымен бірге, емдеу орталықтары ақпараттар алмасып, теориялық және тәжірибе жүзіндегі байланыстарын одан әрі нығайта түсетін болады.

«Егемен-ақпарат».