• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
20 Тамыз, 2013

«Хазардан қазаққа дейін»атты жаңа жоба қолға алынды

325 рет
көрсетілді

«Қазақстан» РТРК» АҚ об­лыс­тық филиалы ұсынысымен, Атырау облысы әкімдігінің қол­дауымен ұлт тарихының облыс аумағындағы құндылықтарын жұртшылыққа тереңірек жеткізу мақсатында «Хазардан қазаққа дейін» атты жаңа жобаны түсіру жұмыстары басталды.

«Қазақстан» РТРК» АҚ об­лыс­тық филиалы ұсынысымен, Атырау облысы әкімдігінің қол­дауымен ұлт тарихының облыс аумағындағы құндылықтарын жұртшылыққа тереңірек жеткізу мақсатында «Хазардан қазаққа дейін» атты жаңа жобаны түсіру жұмыстары басталды.

Ұлт тарихы – ұлт мүддесі. Ұлт­тық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тә­жин: «Біз уақыттың тарих ғылы­мының алдына мүлдем жаңа та­лаптар қойып отырғанын ай­қын көріп, ұғынуға тиістіміз. Сон­­­дықтан қазақ этносының архео­­логиясын, антропологиясын, этнографиясын, фольклорын, мә­дениеті мен дәстүрлерін зерт­теуге күш сала отырып, қазақ­тар­дың номадтық өркениетін зерт­теу саласында ғылыми және ғылыми-қолданбалы зерттеулер бағдарламасын дайындауға тиіспіз» деп, ел тарихын жандандыру мақсатында бірнеше ұсыныстар жасады. Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасы бо­йынша, «Халық – тарих тол­қынында» айдарымен тарихи зерттеулер ұйымдастыру керек екендігін де атап көрсетті.

Атырау өңірі де тарихқа бай, ұлттық құндылықтарға толы ай­­мақ. Ендеше, «Хазардан қазаққа де­йін...» атты тарихи-мәдени экспедиция­­сы Атырау облысы аумағында өмір сүрген көшпенді қазақ халқы­ның тарихи-мәдени мұраларын жаңғыртуға бағытталмақ. Негізінен, Батыс Қазақстан аймағын басып өткен сауда жолы туралы алғашқы деректер VI-VIII ғасырларда белгілі бола бастады. Ұлы Жібек жолының бір тармағы – Шаш-Үргеніш-Үстірт-Сарайшық-Батыс тармағы ХІІІ-ХІV ғасырда жандана түсті. Сауда жолындағы Са­райшық қаласының маңызы зор болды.

Сарайшық пен Үргеніш ара­сында екі сауда тармағы қа­лып­тасты. Біріншісі – Сарайшық-Тасқұдық-Таскешу керуен сарайы (Таскешу көпірі)-Қайнар бұлағы-Бақашы әулие-Ұшқан қаласы-Маңсуалмас (Қосқұдық) тармағы арқылы жүрген. Екінші тармақ – Қосқұдықтан оңтүстік-батысқа қарай бұрылып, Көптам-Сам-Чурук-Білеулі арқылы өткен. Бұл келтірілген деректер Атырау облысы өңірінде жүріп өткен Ұлы Жібек жолының да өзіндік тарихы болғандығын айғақтайды.

Жобаның мақсаты – қанша ғасыр өтсе де, маңыздылығын жоймайтын тарихтың куәсі – Ұлы Жібек жолын негізге ала отырып, Атырау облысы өңіріндегі тарихи - мәдени мұраларға саяхат жасау. Атырау облыстық тарихи-мә­дени мұраны қорғау, қалпына кел­тіру және пайдалану жөніндегі мем­лекеттік инспекцияның мә­лі­меттеріне сүйенсек, 2010 жы­лы облыс бойынша 313 тари­хи-мәдени ес­керткіш, 525 ны­сан тіркелген. Экс­педициялық топ құрамында археолог, тарихшы, өлкетанушылар бар.

Облыс тарихында бұрын-соң­ды болмаған жоба – 10 бөлі­м­нен тұратын деректі фильмде тарихи-деректі және көркемдік құндылығы жағынан толыққанды дүние топ­тастырылатын болады.

Жоба жетекшісі – Шыңғыс Мұ­қан, Атырау облысы әкімінің орын­басары. Фильмнің директоры – Асқар Әшімов, «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау филиалының директоры, қоюшы режиссер. Идея авторы – Назарбек Қосшиев, «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау филиалы директорының орын­басары-бас редактор. Сценарийдің авторы әрі редакторы – Елнұр Ес­­мұратова, «Қазақстан» РТРК» АҚ Атырау филиалының редакторы.

Туған өлкеміздің бай тарихын баға жетпес бейнеқатарлар, өлке­танушы, археолог, тарих­шы­­­лар­дың деректері арқылы жұрт­шы­лыққа жеткізу – фильмнің басты мақсаты.

Дастан КЕНЖАЛИН,

«Егемен Қазақстан».

Соңғы жаңалықтар