• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
20 Тамыз, 2013

Әскерилердің жеңісі

245 рет
көрсетілді

Жақында Мәскеу түбіндегі Алабино поселкесінде алғаш рет «Танк биатлоны» халықаралық жарысы болып өтті. Оған Қазақстан, Ресей, Беларусь пен Армения елдерінің әскерилері қатысып, жаңа Т-726 танкісін сынап көрді.

Жақында Мәскеу түбіндегі Алабино поселкесінде алғаш рет «Танк биатлоны» халықаралық жарысы болып өтті. Оған Қазақстан, Ресей, Беларусь пен Армения елдерінің әскерилері қатысып, жаңа Т-726 танкісін сынап көрді.

Жарыс барысында экипаждар 20 км. қашықтықты жүріп өтті. Соның қорытындысында бірінші орынды 26 минуттық нәтижемен ресейлік танк экипаж иеленді. Екінші орынды 52 секундтық айырмашылықпен Қазақстанның танк экипажы алды. Алайда, бұл екінші орынды маңдай термен келген жеңіс десе болады. Жарыс барысында біздің экипаж командирі жарақат алып, оны дуб­лермен ауыстыруға тура келді. Үшінші және төртінші орындарды Беларусь пен Армения экипаждары бөлісті.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Әмір Халықовтың айтуынша, қазақстандық танк экипажы қойылған тапсырманы үздік орындаған. «Қазақстан жағдайындағы дайындық барысында біз үздік экипаж біріншілігін өткіздік. Мұндай халықаралық жарыс алғаш рет өткізіліп отыр. Бірақ, біз оған қатысуға толықтай әзір болдық және жүлделі екінші орынды да иелендік», деді ол.

Бас қолбасшының орынбасары ресейлік әріптестер Ресей Қорғаныс министрі Сергей Шойгудың қолынан «За укрепление боевого содружества» медалін алған қазақстандық танкистердің дайындық деңгейін жоғары бағалағанын атап өтті. Қазақстан үшін екінші орынды экипаж командирі аға лейтенант Жанат Қуанышев, сержант Мирас Нурко, қару оқтаушы аға сержант Айдын Қалиолдин, механик-жүргізуші ефрейтор Мақсат Түсіповтер қамтамасыз етті.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар