Түркіменстан президенті Гурбангули Бердымухамедов өзінің Демократиялық партия құрамынан шығатынын мәлімдеді. Бұл туралы бірқатар Ресей БАҚ-тары хабарлады.
Түркіменстан президенті мұны елдің басшысы көп партиялылық жағдайында бір партияға артықшылық бермеу үшін ешқандай партияның шылауында болмауы керектігімен түсіндірді.
Айта кету керек, Түркіменстан демократиялық партиясы – түркіменнің ресми тіркелген саяси партиясы. Оны Түркіменсанның бұрынғы президенті Сапармурат Ниязов құрып, үздіксіз басқарды. Ол қайтыс болғаннан кейін партия жетекшілігі қазіргі президент Гурбангули Бердымухамедовке көшкен еді.
Сәкен Майлыбай.