• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
18 Тамыз, 2013

Атырау облысының әкімі интернетке гитарамен шықты

250 рет
көрсетілді

 

Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов бірер күннің ішінде Youtube музыкалық сайтының жұлдызына айналып шыға келді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Арна тілшісінің баяндауынша, жергілікті жастармен кездескен облыс әкімі жаны жас, жүрегі халыққа жақын екенін көрсеткісі келіп, қолына гитара алып, кешегі кеңес кезеңіндегі әндерден шырқап беруге талаптанып көрген. «Рас, оның қандай әнді айтқысы келгенін ешкім түсінген жоқ», деді осыған орай Елена Сторчак.

Мұның есесіне, әкімнің осы процестен керемет жақсы әсер алғаны анық көрсетілген бейнесюжет сол заматында интернетке түсіпті. Бұл видеоның жұртты қызықтырғаны сонша, көп ұзамай ол бір жарым мыңдық дауыс жинаған. Дәлірегі, осыншама адам оны көріп үлгерген.

Айтқандай, гитараны Б.Ізмұхамбетовке балалар сол жерде сыйға тартқан екен. Балалар жоғары лауазымды кісіге өздеріне назар аударғанына осылай алғыс сезімін білдірмек болыпты. Облыс әкімі аймақтың аула футбол командалары жарысының жүлдегерлеріне сыйлықтарын өз қолымен тапсырмақ болып келіпті.

Сұлтан Бозайғыр.